дүйсенбі, 9 наурыз, 2026 23:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге қайтару: Тағы да 3 рейс орындалады

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге қайтару: Тағы да 3 рейс орындалады
Фото - ашық дереккөз
Репатриациялық рейстер Оман астанасы арқылы орындалмақ.

Air Astana компаниялар тобы 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz  inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:

KC2264 Маскат-Алматы рейсі: ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.

KC2258 Маскат-Алматы рейсі: ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.

KC2254 Маскат-Алматы рейсі: ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Жергілікті уақыт көрсетілген. Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің 9 наурыздағы мәліметінше, арнайы операция басталғалы бері 7300-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды. Эвакуациялау шаралары отандық және шетелдік әуе компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар