жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Таза Қазақстан": Экологиялық акцияға 400 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысты

"Таза Қазақстан": Экологиялық акцияға 400 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысты
Aqorda
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен кеңес отырысында мәлімдеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының жастар үшін мәні мен студенттердің экоакцияға қатысу белсенділігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, Тұжырымдама шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 тармақты жүзеге асыру қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» заңына сәйкес студенттер волонтерліктің көзделген барлық 13 түрі бойынша іс-шараларға белсенді қатысады.  

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес қазіргі таңда студент жастарды әлеуметтендіру бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде. "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын біз тек экологиялық акция ретінде ғана емес, жалпы студенттермен, жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырамыз. Студент жастардың әлеуметтік белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда. 

"Таза Қазақстан" акциясы жарияланған сәттен бастап жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушыларының қатысуымен 400 мыңнан астам адамды қамтыған 1700-ден астам түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде ТазаLike, GreenTransportation Initiatives жобалары кең қолдау табуда. Қазіргі таңда әкімшіліктермен бірлесіп көшет отырғызу, аулаларды абаттандыру апталықтары тұрақты түрде өткізілуде. Түрлі флешмоб, табиғатты қорғау акциялары, экологиялық олимпиадалар ұйымдастырылады», — деді ол.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар