Жаңалықтар
Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 қараша, 2025
- 241
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы хабарламасында.
Келесі мақала




