жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамптың даулы шешімі: шетелдік мамандарға қымбат виза, байларға эксклюзивті карталар

Трамптың даулы шешімі: шетелдік мамандарға қымбат виза, байларға эксклюзивті карталар
AP
АҚШ президенті Дональд Трамп H-1B жұмыс визасына өтінім қабылдау алымын 1500 доллардан бірден 100 мың долларға дейін қымбаттатты

Сонымен қатар, 1 миллион доллар төлеген шетелдік Trump Gold Card («Трамптың алтын картасы») арқылы тұрақты тұру құқығын ала алады. Ал компаниялар үшін бұл құжаттың бағасы – 2 миллион доллар.

АҚШ сауда министрі Говард Лютник бұл шешімді түсіндіріп:

«Компаниялар шетелдік маман үшін үкіметке жылына 100 мың доллар төлей ме, әлде оның орнына америкалықты жалдай ма – соны шешуі керек», – деді.

Үндістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Рандхир Джайсвал мұндай шара отбасылардың ажырауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Себебі өткен жылы H-1B визасының 71%-ы үндістандықтарға берілген болатын. Сарапшылардың пікірінше, шешім Нью-Дели мен Вашингтон қарым-қатынасына салқынын тигізуі ықтимал.

Amazon мен Microsoft өз қызметкерлеріне АҚШ-тан уақытша шықпауға кеңес берді.

Осы күні Трамп тағы бір бастама ұсынды – Trump Platinum Card («Трамптың платина картасы»). Құны – 5 миллион доллар. Бұл картаның иелері жылына 270 күнге дейін АҚШ-та тұрып, шетелден тапқан табысына салық төлемеуге мүмкіндік алады. Алайда бағдарлама Конгрестің мақұлдауын қажет етеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар