Жамбыл облыстық туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков БАҚ өкілдері мен ҮЕҰ мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында өңірімізге белгілі «Әулиебастау» туристік қалашығының мәселесі де қаралды, деп хабарлайды , -деп хабарлайды jambylinfo.kz
Жиында «Жер-ана» корпоративтік қорының төрайымы Роза Мұсабаева «Әулиебастаудың» мәселесін көтеріп, жекенің қолына өтіп, тоз-тозы шыққан аумаққа қашан билік тарапынан көңіл бөлінетіні жөнінде сұрады.
Басқарма басшы Біржан Күзембеков аталған нысан өңірдің 65 тартымды обьектілерінің ішіне кіретінін, аумақты гүлдендіру үшін Жамбыл ауданы әкімдігі тарапынан жұмыс жасалып жатқанын жеткізді.
- Негізі ол жер Айша бибі ауылдық округіне жатады. Сондықтан әкімдік пен Әулиебастауға иелік етіп отырған кәсіпкермен меморандум жасалған. Шарт бойынша ол аумақты күтіп ұстауы керек. Өзіңіз айтып отырғандай осы шарт орындалмағандықтан прокурорлық тексеріс болды. Сол жұмыстың аясында ол жер ауылдық округтің теңгеріміне қайтарылды. Енді осы жерге аудан әкімидігі тарапынан осы жерге инвестор табу жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деді басқарма басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала