Жаңалықтар
WTA 500 турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 18 қазан, 2025
- 319
Турнир Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатыр
WTA 500 турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік WTA рейтингінде 9-орында тұрған Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан беделді WTA 500 турнирінің жартылай финалына сенімді түрде шықты.
Ширек финалда Рыбакина 104-орында тұрған австралиялық Айла Томляновичпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, екі сетте жеңіске жетті — 6:2, 6:0. Ойын бар болғаны 58 минутқа созылды.
Енді Рыбакина финал жолдамасы үшін әлемдік рейтингтің 8-сатысында тұрған италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.






