Таразда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 желтоқсан, 2025
- 102
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Тараз–Болашақ жоғары медициналық колледжінде «Тараз қауіпсіз қала» жобасы аясында «Заң бәрімізге ортақ» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Семинарға Тараз қалалық мәслихат депутаты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Лесбек Азамат Қайратұлы, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет полковнигі Абдиразақов Ғалымжан Болатбекұлы, сондай-ақ Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ниязбек Әліайдар Сейфуллаұлы қатысты.
Жиынға 100-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау тақырыптарында мазмұнды ақпарат алды. Семинар барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстарымен танысты.





