Жаңалықтар
Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде басты дизайнерлік марапатқа ие болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 тамыз, 2025
- 496
Бұл туралы Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қоры мәлімдеді.
Жапонияның Осака қаласында өтетін EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде Өзбекстан павильоны «Көрме стендтері» номинациясы бойынша Red Dot: Best of the Best беделді дизайнерлік жүлдесіне ие болды.
Бұған дейін павильон жайында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева айтып өткен еді.
– Осакада өтіп жатқан EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде біз Өзбекстан павильонын зор мақтанышпен ұсынамыз. Бұл – жай ғана архитектуралық кеңістік емес, мәдениет, технология және тұрақты даму тоғысқан «Білім бағы», – деді ол.
Айта кетейік, Red Dot Award: Brands & Communication Design – дизайн және коммуникация саласындағы әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі. Әр жылдары бұл марапатты Apple, Ferrari, Philips, LG сынды жаһандық брендтер иеленген.






