Жаңалықтар
Жалақыға үстемеақы қосылады: Үкімет ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті
- авторjambylinfo.kz
- 10 сәуір, 2023
- 458
Жалақыға үстемеақы қосылады: Үкімет ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті
Премьер-Министр тиісті қаулыға қол қойды.
Құжатта ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Ауылда өз қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде субсидияланады. Еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас ауылдық округтер тұрғындарының жалақысына үстемеақы қосу мүмкіндігі қаралады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі 5,8%-ға дейін, ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға дейін төмендейді деп күтіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






