Жаңалықтар
Жамбыл облысында қой ұрлаған 21 жастағы азамат қолға түсті
- авторjambylinfo.kz
- 27 қазан, 2023
- 639
Жамбыл облысында қой ұрлаған 21 жастағы азамат қолға түсті
Жамбыл облысында қой ұрлаған 21 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 25 қазанда Жамбыл ауданының 46 жастағы тұрғыны полиция бөліміне мал ұрлығы туралы арызбен жүгінді. Ер адам бір күн бұрын белгісіз адамның қорасынан 6 қойын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал көлемі – 300 мың теңге.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






