Жаңалықтар
Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 тамыз, 2025
- 477
Әйел сол жерде қайтыс болды.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті әйелін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қанды қылмыс 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы Масаншы ауылында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің жүкті екенін біле тұра оған пышақ ала жүгірген.
Прокурорлар ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескеріп, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Келесі мақала






