Жаңалықтар
Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған
- авторjambylinfo.kz
- 9 маусым, 2023
- 539
Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған
Бүгінде Жамбыл облысында адамдар арасында сібір жарасының 4 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жұқтыру екі ауданда (Талас ауданының Тамды ауылында 3, Жуалы ауданының Көлтоған ауылында 1 жағдай) болған.
Эпиданамнездегі 3 жағдайда ауру малдармен байланыс көрсетілген. Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан, ал жұқтыру факторы ірі қара мал болған. 1 жағдайда инфекция көзі анықталмады.
Сібір жарасын адам көбінесе ауру жануарлардан, яғни оларға күтім жасаған, сойған, тұтас етін бөлшектеген, етті аспаздық мақсатта өңдеген, мал шикізатымен жұмыс істеген кезде, ағзасына зақымдалған тері жабындары, шырышты қабаттың шағын жарақаттары арқылы енген кезде жұқтырады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққан
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






