жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда дәрігерлер науқастың миынан 6 см ісікті сәтті алып тастады

Жамбылда дәрігерлер науқастың миынан 6 см ісікті сәтті алып тастады
Фото: Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы
Операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жасалды.

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирургтары 1963 жылы туған ер адамның миындағы 6х6 см көлеміндегі ісікті сәтті алып тастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ісік самай бөлігінде орналасқан. Науқас бірнеше ай бойы басындағы томпайған жерге, әлсіздікке және аяқ-қолының тырысуына шағымданған.

МРТ мен онкоскрининг қорытындыларына сәйкес, ісік ми мен самай сүйегіне дейін жайылып, қан тамырларымен тығыз байланыста болған. Мұндай жағдайда ота кезінде көп қан кету қаупі жоғары.

Отаға дайындық барысында нейрохирургтер Еркебұлан Меркібеков пен Болат Кеңшілік аз инвазивті әдіс арқылы ісікті қоректендіріп тұрған қан тамырларын алдын ала бітеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Негізгі отаны нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұржан Айтимбетов пен нейрохирург Алмас Құралбаев жасады. Олар самай сүйегін ашып, ісікті толық алып тастап, ми қабығына пластикалық түзету жүргізді.

Үш сағатқа созылған ота сәтті өтті. Науқастың жағдайы жақсарып, өздігінен қозғала алатын күйге жетті. Қазіргі таңда ол үйіне шығарылып, амбулаторлық бақылауда. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар