Жаңалықтар
Жамбыл облысында 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу жоспарланған
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 желтоқсан, 2025
- 186
Өңір әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 66,5 мың га егіс алқаптарына су үнемдеу технологиялары енгізілді.
6 ауданда 625 шақырым болатын 322 су нысаны қайта жаңартылуда.
«Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 млрд теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту және 312 каналды жөндеу жоспарлануда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, өңірде су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, тамшылатып суару қондырғыларын шығару зауытының құрылысы аяқталуда. Кәсіпорынды 2026 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, тамшылатып суғару жүйесінің өндірісі іске қосылды. Өндіріс жылына 12 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндік береді.
Келесі мақала




