Жамбылдық спортшы қол күрестен Азия чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 желтоқсан, 2025
- 379
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Жуалы ауданының тумасы Ислам Аман армрестлингтен жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған жарысқа ересектер арасында 75 килограмм салмақ дәрежесінде қатысқан Ислам Аман оң және сол қол бойынша өз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, қос бірдей аталымда чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кету керек, бұл жеңістің артында Исламның жеке еңбегімен қатар, оны үлкен биікке жетелеген бапкерінің де зор үлесі бар. Спортшыны бала кезінен бастап тәрбиелеп, әр қадамын бақылап, мықты бәсекеге дайындаған — оның әкесі әрі жеке бапкері Ерғали Сыздықбаев. Әке мен баланың арасындағы ерекше сенім, кәсіби бағыт-бағдар және үздіксіз қолдау Исламның бүгінгі жетістігіне жол ашып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 желтоқсан, 2025





