Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Жамбылинфо EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған.
Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.
Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды, - деп хабарлады ведомстводан.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






