Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады
Жапонияның 107 жастағы тұрғындары – апалы-сіңлілі егіздер әлемдік рекорд орнатты. Олар әйелдер арасында ең қарт егіз атанды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында хабарланды. Рекорд тіркелген сәтте (2021 жылдың 1 қыркүйегі) Умено Сумияма мен Коме Кодаманың жастары 107 жыл 300 күнді құраған. Олар 1913 жылдың 5 қарашасында Кагава префектурасындағы Седо аралында дүниеге келген. Жастайынан екеуі екі жаққан кеткен, бірақ байланыстарын үзбеген. Қарттар үйінде тұратын апалы-сіңліліге әйелдер арасында тарихтағы ең қарт егіз деген сертификат табысталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстан құрамасы Таиландтың тас-талқанын шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






