Желіде Жазира Байырбекованың кептелісін мәселесін шешуге қатысты пікірі қызу талқыланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қыркүйек, 2025
- 370
Әнші Жазира Байырбекова Алматыдағы көлік кептелісін азайтуға қатысты ұсыныс айтамын деп, сынға қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz aikyn.kz сілетеме жасап.
Әнші Instagram парақшасында жазба жариялап, қаладағы кептелісті азайту жолын ұсынған.
«Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?! Менің нұсқам: барлық оқу орнын Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік қалаларына көшіруді ұсынар едім. Сіздің ойыңыз қандай?» – деп жазды ол.
Желі қолданушылары оның сөзін сынға алып, түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Студенттің не кінәсі бар? Барлық студент жеке көлігімен жүрген жоқ қой, пәтер жалдап, зорға жүр», «Алматы сонысымен қызық. Студент, жастар...», «Ең дұрысы, өзіңіз көшіп кетіңіз адамы аз кішкентай қалашыққа, сонда құтыласыз кептелістен», «Бұл нұсқаңыз дұрыс емес», – деп жазды желі қолданушылары.





