жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Қызылорда облысында жаңа медициналық мекемелер салынады

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Қызылорда облысында жаңа медициналық мекемелер салынады
Фото: gov.kz
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

 Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. 

Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар: магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады. 

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар