Жаңалықтар
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы төрағасына қатысты тергеу басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қыркүйек, 2025
- 404
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.
Ресми мәлімдемеде:
«Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің экс-төрағасы Қожамжаров Қ.П.-ке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған істер оның түрлі кезеңдердегі басшылық қызметімен байланысты», – деп көрсетілген.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.






