жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер планетасы қисая бастады: ғалымдар таңқаларлық мәлімдеме жасады

Жер планетасы қисая бастады: ғалымдар таңқаларлық мәлімдеме жасады
Pixabay.com
Ғалымдар соңғы он жылда жер шарының айналуында байқалған өзгерістерге қатысты мәлімдеме жасады.

Халықаралық зерттеушілер тобы жүргізген көлемді жұмыс нәтижесінде, адамзат әрекеті біздің планетаның өз осінен сәл-пәл «шегініп» кетуіне себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зерттеу деректері Жердің 1993 жылдан бері шамамен 80 сантиметрге қисайғанын көрсетеді. Бұл өзгеріс кездейсоқ емес — мұхиттарға құйылатын артық судың қайта бөлінуі, мұздықтардың қарқынды еріп кетуі және ең бастысы, адамзаттың жерасты суларына шектен тыс тәуелділігі айтарлықтай рөл атқарған.

Ғалымдар ұсынған мәлімет бойынша, 1993–2010 жылдары адамдар жер қойнауынан 2 150 гигатоннаға жуық су алып, оны жер бетіне шығарған. Миллиондаған жылдар бойғы табиғи тепе-теңдікте болмаған мұндай көлемдегі өзгеріс мұхиттардың деңгейін шамамен 6 миллиметрге өсірген.

Сеул ұлттық университетінің геофизигі Со Ки Вон бұл құбылысты қарапайым мысалмен түсіндіреді: бүтін бір планетаны балалардың зырылдауық ойыншығына теңеуге болады. Егер зырылдауықтың бір жағына артық салмақ салсаңыз – ол теңселіп, дұрыс айналмай бастайды. Сол секілді, адамның су ресурстарын ретсіз пайдалануы Жердің қалыпты айналу жүйесіне әсер еткен.

Бұл жаңалықты қолдаған NASA-ның Jet Propulsion Laboratory зерттеушісі Сурендра Адхикари да су массасының өзгеруі климаттық процестерді ушықтырып жатқанын айтады. Оның пікірінше, полюстердің жылжуы – үлкен жүйенің бір ғана көрінісі, ал үлкен мәселе – бүкіл гидрологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы.

Әсіресе, Солтүстік Американың батысы мен Үндістанның солтүстік-батысында жерасты суының күрт азаюы анық байқалуда. Бұл аймақтардағы су тапшылығы жер массасының өзгеруін күшейтіп, планетаның айналу осіне де әсер етіп отыр.

Зерттеушілер енді полюстердің қозғалысын бақылау арқылы құрлықтардағы су қорының азаюын анықтауға болатынын айтады. Бұл деректер мемлекеттерге су қауіпсіздігін алдын ала жоспарлауға, қорларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пайымынша, елдер күш біріктіріп, су тұтынуды шектеудің жаһандық тетіктерін әзірлемесе, мұхит деңгейінің көтерілуі мен климаттың өзгеруі алдағы жылдары одан әрі жеделдеуі мүмкін.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар