Жаңалықтар
Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2022
- 490
Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының Байзақ және Жуалы аудандарында болды, деп хабарлайды Жамбылинфо «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұртшылықпен кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жобалар талқыланды.
Кездесу соңында кандидат барша жиналғандарды мемлекеттік мереке – Республика күнімен құттықтады.
«Бүгінде алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Ол үшін күш біріктіріп, жаңа бастамалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз керек. Әрбір азаматтың мүддесі мемлекет мүддесімен ұштасып, Қазақстан халқы ұлттық бірлікті нығайту жолында аянбай тер төксе, Қазақстанның барлық белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деді Ж.Дайрабаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






