сенбі, 14 ақпан, 2026 3:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бақыт кілті неде?": Неміс әлеуметтанушылары зерттеу жүргізді

"Бақыт кілті неде?": Неміс әлеуметтанушылары зерттеу жүргізді
Pixabay.com
Зерттеуді Ipsos институты мен Фрайбург университеті ұйымдастырған.

Германияда жүргізілген зерттеу нәтижесі некеде тұрған адамдардың өздерін некеге тұрмағандарға қарағанда бақыттырақ сезінетінін көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зерттеуді Ipsos институты мен Фрайбург университеті ұйымдастырған.

Сауалнамаға қатысқан ерлі-зайыптылар қарым-қатынастарын 10 балдық шкала бойынша орта есеппен 8,51 баллға бағалаған. Ал некеге тұрмаған жұптар бұл көрсеткіш бойынша 7,69 балл жинаған.

Сонымен қатар өмірлік серігін тапқан адамдар жалпы өміріне — мансабына, отбасылық жағдайына және жыныстық өміріне — көбірек қанағаттанатыны анықталған. Ал жалғызбастылар өздерін еркінірек сезінетінін және табысы жоғарырақ болуы мүмкін екенін атап өткен.

Немістер көбіне жұбын қалай табады? Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 26,1 пайызы болашақ серігімен ортақ достары немесе таныстары арқылы танысқан. 19,4 пайызы әлеуметтік желілер мен арнайы танысу қосымшалары арқылы жолыққан. Ал ең жиі кездесетін орындардың үштігіне жұмыс орны да кіреді (13,7%). Ең бақытты жұптар оқу кезінде танысқандар болып шыққан, алайда мұндайлар небәрі 9,5 пайызды құрайды.

Бұдан бөлек, қарым-қатынастағы бақыт деңгейіне адамның өз балалық шағын қалай қабылдайтыны да әсер етеді екен. Балалық кезеңін бақытты деп еске алатындар қазіргі серігімен бірге өмірін 8,16 баллға бағалаған. Тағы бір маңызды фактор — адамның мінезі. Өзін перфекционист деп санайтындар қарым-қатынастарын орта есеппен 6,25 баллға бағалаған, бұл жалпы көрсеткіштен 1,75 баллға төмен.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар