Астанада салық есептілігін тапсыру мерзімі 16 ақпанға ауысты
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 ақпан, 2026
- 46
Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есептілікті тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалғанын мәлімдеді. 15 ақпан демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты есептілікті тапсырудың соңғы мерзімі 16 ақпанға ауыстырылады, деп хабарлады Jambylinfo.kz
Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есептілік тапсыру міндеті туындайды:
101.03-нысан — Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
200.00-нысан — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
300.00-нысан — Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
400.00, 421.00-нысандар — Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін)
701.01-нысан — Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
710.00-нысан — Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
860.00-нысан — Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
870.00-нысан — Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
880.00-нысан — Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
910.00-нысан — Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін)
913.00-нысан — Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
Сонымен қатар, 20 ақпаннан кешіктірмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:
328.00-нысан — Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
851.00-нысан — Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі — 2026 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей.
Толығырақ ақпарат - 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Парламентаризм институты жаңа конституция жобасын қолдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 ақпан, 2026





