сейсенбі, 5 мамыр, 2026 15:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда электр энергиясын өндіру артты

Қазақстанда электр энергиясын өндіру артты
Pixabay.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкімет отырысында өткен күзгі-қысқы кезеңнің қорытындылары және алдағы 2026-2027 жылдарға дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ол өткен күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұтыну максимумы 2025 жылғы 18 желтоқсанда тіркеліп, 17 724 МВт-ты құрағанын атап өтті. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңмен салыстырғанда жүктеме максимумы 3%-ға өсіп, 521 МВт-ты құрады.  

2025 жылы электр энергиясын тұтыну 2024 жылмен салыстырғанда 4,6 млрд кВтсағ немесе 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВтсағатты құрады. 

2025 жылы электр энергиясын өндіру 5,2 млрд кВтсағатқа немесе 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВтсағатты құрады.

2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтыну көлемінің деңгейі 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Алдағы күзгі-қысқы кезеңнен тиімді өту үшін блоктық стансалар келесі режимде жұмыс істеуі қажет:

Екібастұз ГРЭС-1 – 8 блок; 

Екібастұз ГРЭС-2 – 2 блок; 

«ЕЭК» акционерлік қоғамы – 7 блок;

Жамбыл ГРЭС-і – 4 блок (бір резервтік блокты дайындық жағдайында ұстап отыру қажет). 

Сонымен қатар: 

жоспарланған қуатты іске қосуды қамтамасыз ету қажет (Түркістан БГҚ, Қызылорда БГҚ, Алматы ЖЭО 2 мен ЖЭО 3-тің БГҚ және басқалары);

Жүйелік оператормен келісілген мерзімде негізгі генерациялайтын және электр желілік жабдықтарды жөндеуді жоспар бойынша орындау қажет; 

жылу электр стансаларындағы көмірдің нормативтік қорларын қаматамасыз етіп, газ электр стансалары үшін газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету қажет; 

Жамбыл ГРЭС-ін жеткілікті көлемде отынмен, салқындатқыш сумен қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала шешу қажет.  

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар