жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыс Қазақстанда 100 шақырымнан астам су арнасы тазартылды

Батыс Қазақстанда 100 шақырымнан астам су арнасы тазартылды
istockphoto.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірде ұзындығы 100 шақырымнан астам каналды тазалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан болатын.

Жұмыстарға арнайы техника тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі берген жерснарядтың көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылды.

«Қазір ирригациялық каналдарға жоспарланған жылдық тазарту жұмыстарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өңірде 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымының төменгі бөлігін нығайту жұмыстарын қоса алғанда, су тасқынының алдын алу іс-шаралары толық көлемде орындалды», – деді «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар