Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.
Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.
Келесі мақала
Алматыда еліміздегі ең үлкен мұз айдыны ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Волонтерлерді қолдау: Қазақстан халықаралық бастамаларға белсенді атсалысуда
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






