сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиададан үш бірдей медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиададан үш бірдей медаль жеңіп алды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді:

Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;

Қола медаль Которова Вера, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер - Антон Васильев пен Марат Нсанбаев. Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар