сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ғылым академиясына квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесі беріледі

Ұлттық ғылым академиясына квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесі беріледі
Ұлттық ғылым академиясы
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәжіліс депутаттары ғылым мәселелері бойынша ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Заңмен ұжымдық пайдалануға арналған ғылыми зертханалар инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері енгізіледі. Ұлттық ғылым академиясының квазимемлекеттік сектор субъектісі ретіндегі мәртебесі нақтыланып, оның мүлкін қалыптастыру көздері, қаржыландыру тәртібі және міндеттемелер бойынша жауапкершілігі айқындалады.

Сонымен қатар ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімдерін есептеу тәртібі жетілдіріледі. Ғылымды қаржыландыру жүйесі де жақсартылады.

Бұдан бөлек, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту мақсатында денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру шаралары қарастырылған.

Заң жобасы әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру салаларын да қамтиды. Атап айтқанда, сақтандыру төлемдерін алушылар мен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша мұрагерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі. Сонымен қатар авиация мамандарын даярлау барысында білім беру қызметінің ерекшеліктері, оның ішінде ұшу және тренажерлық дайындық талаптары айқындалады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар