сейсенбі, 7 сәуір, 2026 16:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«BI Group» компаниясы Таразға 100 түп сакура ағашын тарту етті

«BI Group» компаниясы Таразға 100 түп сакура ағашын тарту етті
Canva
Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі мәлім етті.

Тараз қаласында көгалдандыру жұмыстары аясында маңызды экологиялық бастама жүзеге асуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«BI Group» құрылыс компаниясының қолдауымен шаһарға 100 түп сакура ағашы сыйға тартылды.

Сакура көшеттерінің тұқымы Бельгиядан жеткізілген. Ал олар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделуі үшін Шымкент қаласындағы «Ақ қайың» жылыжайында арнайы өсірілген. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл ағаштардың жергілікті ауа райына төзімділігін арттырады.

"Жоспарға сәйкес, сакура көшеттері Жамбыл Жабаев ескерткіші маңына отырғызылады. Бұл аумақ алдағы уақытта ерекше эстетикалық келбетке ие болып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналмақ.

Сакура ағаштары көктем мезгілінде әсем гүлдеп, қала көркін айшықтай түседі. Сонымен қатар, бұл бастама Тараздың экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті аймақтардың қатарын арттыруға өз үлесін қосады", - делінген хабарламада.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар