жұма, 20 ақпан, 2026 18:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №58 мекемеде тазалық жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №58 мекемеде тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
«Тазалық таза жерде емес, тазалық сақталған жерде болады» деген нақыл сөз бар. Расында да, тазалық – әрбір адам үшін ғана емес, кез келген ұжым үшін де маңызды құндылық. Ал тұтас бір мекеменің аумағы мұнтаздай таза болуы – ондағы қызметкерлердің ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №58 мекемеде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өңірдегі түзеу мекемелерінде жүйелі түрде өткізілетін сенбілік аясында қызметкерлер белсенділік танытты.

Іс-шара барысында мекеме аумағы күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ортақ іске жұмылып, тазалық сақтау мәдениетін үлгі етті.

Мұндай шаралар ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті де күшейтеді. Тазалық – тәртіптің бастауы. Сондықтан мекеме қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырмақ.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар