сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 19:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 500 МВт жел электр станциясы салынады

Елімізде 500 МВт жел электр станциясы салынады
Нысан 2029 жылға дейін пайдалануға берілмек.

Өңірлік экологиялық саммит аясында Энергетика министрлігі мен «Karaganda Wind Power» компаниясы арасында 500 МВт жел электр станциясын салу жөнінде инвестициялық келісім жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжатқа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Karaganda Wind Power» ЖШС басқарма төрағасы Шао Юэбо қол қойды.

Қарағанды облысындағы 500 МВт қуаттағы жел электр станциясы мемлекетаралық келісім аясында жүзеге асырылып отыр және Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Жобаға 645 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Станция жыл сайын шамамен 1,6 млрд кВт·сағ «жасыл» электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.

Жобаны іске асыру жыл сайын шамамен 1,3 млн тонна көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға мүмкіндік беріп, елеулі экологиялық әсер береді.

Жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, «жасыл» экономиканы дамытуға және энергетика саласына шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар