сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 19:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Салық органдары мобильді аударымдарды тексере бастады – Ержан Біржанов

Салық органдары мобильді аударымдарды тексере бастады – Ержан Біржанов
Фото - ашық дереккөз
Хабарламалар мамыр айында жіберіледі.

Қаржы вице–министрі Ержан Біржанов салық органдары мобильді аударымдар бойынша ақпаратты тексере бастағанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазіргі таңда барлық банк өздеріндегі деректерді ұсынды. Біз бұл ақпаратты қабылдап алдық. Оны өңдеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Қаақстандықтарға ақшаның шығу тегін түсіндіруді талап ететін алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіле бастайтыны белгілі болды. Спикер мобильді аударымдары бақылауға алынған азаматтардың саны туралы айту мүмкін емес екенін жеткізді.

Оның сөзінше, бір адамның деректері бірнеше банктен жіберілуі мүмкін. Ақпарат талданып, санаттар бойынша сәйкестендіріледі. Яғни, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бейрезидент және т.б.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар