сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 19:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Фото: Алматы әкімдігі i
Бастама өнер қайраткерінің бай шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауға бағытталған.

Алматыда «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді өнер ордасы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл шешім – Асанәлі Әшімовтің шығармашылық мұрасын ұлықтап, оны кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам.

Өнер иесінің театр мен кино саласындағы еңбегі, ұстаздық жолы ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.

Театр ұжымы бұл өзгеріс жаңа шығармашылық кезеңнің бастауы екенін атап өтті.

Сонымен қатар театр жаңа брендинг қалыптастыру мақсатында «Үздік логотип» байқауын жариялады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар