жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық банк валюта нарығына интервенция жасауды бастады

Ұлттық банк валюта нарығына интервенция жасауды бастады
Shutterstock.com
30 шілде күнгі сауда-саттық барысында АҚШ долларының бағамы 550 теңгеге дейін жетті. Жалпы алғанда теңге шілде айының басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан 4,7%-ға әлсіреп отыр.

Осы жағдайға байланысты Ұлттық банк валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмендеуі мен алыпсатарлық қысымның күшею белгілерін негізге ала отырып, валюталық интервенцияларға кіріскенін хабарлады.

"Негізгі экономикалық көрсеткіштер қолайлы күйінде қалып отыр: әлемдік мұнай бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақты сақталуда, сондай-ақ жаһандық нарықта АҚШ долларының әлсіреу үрдісі байқалуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі макроэкономикалық негіздерге сай келмейді және ұлттық валютаның бағаланбай отырғанын көрсетеді", – деп түсіндірді қаржы реттеушісі.

Ұлттық банк биржалық және биржадан тыс валюта нарығындағы жағдайды жіті бақылап отырғанын ерекше атап өтті.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар