жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам саудасы: Астана мен СҚО-да ұйымдасқан екі қылмыстық топ әшкереленді

Адам саудасы: Астана мен СҚО-да ұйымдасқан екі қылмыстық топ әшкереленді
Pixabay.com
Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.

Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына қатысы бар екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер интернет желісі арқылы жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызметтерді жарнамалап, оны жүйелі түрде жүргізіп отырған. Бұл қылмыстық схема кәсіби деңгейде ұйымдастырылған және миллиардтаған пайда әкелген. Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың күн сайынғы табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан.

«Бұл – қылмыстық желінің ауқымын және ұйымдасқан деңгейін көрсетеді. Жүргізілген тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады IIM.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар