Баспана алуды армандап жүрген жандар үшін таптырмас мүмкіндік туды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
- 679
Отбасы банк 2025 жылғы 17 қарашадан бастап тұрғын үй төлемін алатын азаматтардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл тізімге Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және өзге де мекемелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кіреді.
Банкке өз бетіңізше барудың қажеті жоқ — несие рәсімдеу ведомстволар ұсынған тізім бойынша жүргізіледі.
Отбасы банк тиісті мекемелерге хаттар жіберген. Тізімдер дайын болған соң, тұрғын үй төлемін алушылар банкке келіп, менеджер аты-жөнін тексергеннен кейін өтінім тапсыра алады.
Жаңа тұрғын үй алғысы келетіндер үшін “Наурыз Әскери” бағдарламасы қолжетімді. Бұл бағдарламада несие мөлшерлемесі – 9%*. Бастапқы жарнасыз да қатысу мүмкіндігі бар. Егер бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болса, несиенің ең жоғарғы мөлшері Астана мен Алматыда – 36 млн теңге, басқа өңірлерде – 30 млн теңге.
Ал бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болған жағдайда, несие сомасы 80 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Бағдарлама тек жаңа тұрғын үй сатып алуға арналған.
“Наурыз Әскери” – “Наурыз” бағдарламасының бір тармағы. Жобаны қаржыландыру әлеуметтік облигациялар арқылы жүзеге асады. Несие пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Жаңа пәтерді Baspana Market (otbasybank.kz) порталынан таңдап, брондап және сатып алуға болады.
Егер тұрғын үй төлемін алушылар дайын үй алғысы келсе, “Әскери баспана” бағдарламасын пайдалана алады. Онда несие мөлшерлемесі – 18%, бастапқы жарна – 20–50%. Ең көп несие сомасы – 50 млн теңге.
Отбасы банк қазірге дейін тұрғын үй төлемін алатын 44 103 адамның баспаналы болуына көмектесті. Бұл мақсатқа 870,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 428 млрд теңге – әскери бағдарламалар аясындағы 18 мың несие.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






