Бұл жағдай көп адамға таныс. Шын мәнінде, мәселе табыстың аздығында емес, оны дұрыс басқара алмауда жатыр.
Көпшілігіміз айлық алған сәтте бірнеше қателік жібереміз. Соның ең жиі кездесетін үшеуін қарастырайық.
Бірінші қате – барлық ақшаны бірден жұмсау.
Жалақы түскен күні “біраз өзімді еркелетіп алайын” деген оймен артық шығынға жол береміз. Біреу жаңа киім алады, енді бірі дәмханаға жиі бара бастайды. Ал айдың ортасына жетпей қалта босап, қарыз сұрайтын жағдайға түсеміз. Сондықтан айлық түскен сәтте ақшаның бір бөлігін міндетті түрде жинаққа аударып, алдымен негізгі төлемдерді жауып, қалғанын ғана күнделікті қажеттіліктерге жұмсаған дұрыс.
Екінші қате – бюджет құрмау.
Көп адам “мен онсыз да білем неге қанша кететінін” деп ойлайды. Бірақ нақты есепсіз ақша көзден бұл-бұл ұшады. Бюджет – табысың мен шығыныңды реттейтін ең қарапайым құрал. Барлық кіріс пен шығынды қағазға немесе телефондағы қосымшаға жазып отыру артық шығынды анықтауға көмектеседі.
Үшінші қате – болашаққа ақша бөлмеу.
Көпшілік “жинақ – бай адамдардың шаруасы” деп есептейді. Бірақ шын мәнінде, бұл – өзіңізді құрметтеу. Күтпеген жағдай туындағанда немесе жұмыстан айырылғанда, резерв ақшаңыз болмаса қиынға соғады. Сондықтан ай сайын табыстың кем дегенде 10 пайызын “қауіпсіздік жастығына” жинаған жөн.
Қорытындылай келе, жалақыны дұрыс басқару – өмір сапасын арттырудың басты шарты. Ақшаны қалай жұмсайтыныңыз сіздің ертеңгі тыныштығыңызды анықтайды. Егер осы үш қателіктен аулақ болсаңыз, айлығыңыз да, қаржылық еркіндігіңіз де арта түседі.
Жамбылда ауа райы нашарлайды: мамандар ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






