«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның көп өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда антициклон әсерінен аптап ыстық ауа райы күтілуде. Шығыс өңірде жел күшейіп, күн күркіреуі ықтимал.
Синоптиктер бірнеше облыста ауа температурасының жоғары болатынын ескертеді. Атап айтқанда:
Атырау мен Алматы облыстарында +35 °C,
Жетісу облысында +37 °C,
Түркістан облысында +40 °C дейін көтеріледі деп болжануда.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда:
Табиғатта ашық от жақпау;
Сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау;
Құрғақ шөп пен қоқысты өртеуден бас тарту қажет.
Бүгін - Әскери медицина мамандары кәсіби мерекесі
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






