жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Диқанның көңілі тоқ: Жамбыл облысындағы жиын-терін науқаны жемісті

Диқанның көңілі тоқ: Жамбыл облысындағы жиын-терін науқаны жемісті
Pixabay.com
2025 жылғы шілде айынан бастап өңірде күзгі дала жұмыстары басталып, егін жинау қарқыны күшейді. Биыл 3,8 млн тонна өнім алу жоспарланған.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 283 мың тонна дәнді масақ, 17,7 мың тонна майлы дақыл, 720,6 мың тонна көкөніс және 137,3 мың тонна картоп жиналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен бірге қант қызылшасы 5,2 мың гектар алқаптан жиналып, таза салмақта 250 мың тонна өнім алынуы күтілуде.

Жинау жұмыстарына 9,3 мың ауыл шаруашылығы техникасы тартылған. Оның ішінде 490 комбайн, 4318 трактор және 4500 түрлі техника бар.

Мал қыстату маусымына дайындық та жоспарға сай жүргізілуде. 309,7 мың гектардың 307,4 мың гектары орылып, 2,1 млн тонна пішен, 118,4 мың тонна пішендеме, 476,3 мың тонна сабан және 87,9 мың тонна сүрлем әзірленді.

Сонымен қатар аграрлық секторды қолдау мақсатында 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Оның ішінде төленген 2,2 мың тоннадан 2,0 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, 1,6 мың тоннасы ауыл шаруашылығы құрылымдарына таратылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар