жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек: Жамбыл облысында 38 ұйым қызмет көрсетуде

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек: Жамбыл облысында 38 ұйым қызмет көрсетуде
Фото: Kazlenta.kz
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

 Жамбыл облысында 4 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгінде өңірде 38 ұйым лицензия алып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Оның ішінде 22-сі -  мемлекеттік мекеме, 16-сы -  үкіметтік емес ұйым. Қызмет алушылардың жалпы саны — 4 317 адам.

Лицензияланған ұйымдардың 7-сі толық стационарлық, 15 - і жартылай стационарлық, 4 - і уақытша болу, 14 - і  үй жағдайында қызмет көрсетеді.

Белсенді үкіметтік емес ұйымдар қатарында “Мүгедектігі бар жастар қоғамы”, “Сезім мүгедектер қоғамы”, “Жамбыл облысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау” қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ Элай-Құлан, Амина, Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсеткісі келетін жаңа ұйымдар ең алдымен штатын жасақтап, талапқа сай ғимарат, қажетті құрал-жабдық, медициналық лицензияларға ие болуы тиіс.  

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар