жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Сәлемов Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Серік Сәлемов Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты
Фото - Jambylinfo.kz
Тараз қаласындағы оқу ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне мыңға жуық бейнекамера орнатылған

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов облыстық полиция департаментіндегі Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Орталық жұмысымен таныстырған өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары Еркін Игілікұлы Сатыбаевтың айтуынша, алдыңғы қатарлы визуализация және қорғаныс технологиялары бейнеқабырғаға сапалы көрініс пен кең шолу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғаларға жедел әрекет етуге жол ашуда.

 Жалпы, қазіргі таңда бір ғана Тараз қаласындағы оқу ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бір мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Еркін Игілікұлы өз сөзінде бұл нысандардағы барлық іс-әрекет бақылау камералары арқылы сүйемелденетінін, орталыққа түскен әрбір қоңырауды сараптау үшін полицейлер команда ретінде іске кірісетінін жеткізді.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтің сөзінше, өңір аумағындағы 770 мекеме Жедел басқару орталығы мен аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөлімшесіне қосылған. Оның ішінде, 541-і мемлекеттік мекеме болса, қалған 229-ы жекеменшік нысандар.

- «Дәл қазір біз нақ осындай орталықтарға әрбір мекемеден кем дегенде 10 камерадан қосып отырмыз. Бұл камералар полиция қызметкерлеріне мекеменің іші-сыртында орын алған жағдайларға онлайн түрде бақылау жасап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. Бұған қоса әрбір мекемеде дабыл түймесі орнатылған», – деді Нұрбек Әбубекұлы.

Өз кезегінде Серік Жақсылықұлы орталық басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін алға тартып, күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар