сейсенбі, 17 наурыз, 2026 19:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаңырақ күніне орай хат жазудан байқау өтті

Шаңырақ күніне орай хат жазудан байқау өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың отбасылық құндылықтарды құрметтеуін арттыру

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Шаңырақ күніне орай сотталған азаматтар арасында «Туысыма хат» атты байқау ұйымдастырылды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың отбасылық құндылықтарды құрметтеуін арттыру, туған-туыстарымен рухани байланысты нығайту және олардың бойында мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Байқау барысында қатысушылар өз жақындарына деген сағынышы мен жүрекжарды тілектерін қағаз бетіне түсіріп, шынайы сезімдерін жеткізді. Хаттарда ата-анаға деген құрмет, отбасыға деген сүйіспеншілік және болашаққа деген үміт ерекше көрініс тапты.

Қазылар алқасының шешімімен мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары хаттар үздік деп танылып, жеңімпаздар марапатталды.

Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың түзелуіне оң ықпал етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар