жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Шер» прозашылар клубы тұңғыш жинағын оқырманға ұсынды

«Шер» прозашылар клубы тұңғыш жинағын оқырманға ұсынды
Фото: Jambylinfo.kz
Кітапқа өңірдің сегіз қаламгерінің туындылары енді

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы жанынан биыл көктемде құрылған «Шер» прозашылар клубы алғашқы үлкен қадамын жасады. Клуб өңір қаламгерлерін бір арнаға тоғыстырып қана қоймай, шығармашылыққа жаңа серпін беруді мақсат тұтқан еді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қысқа уақыт ішінде клуб мүшелері өз туындыларын біріктіріп, тұңғыш прозалық жинақтарын оқырманға ұсынды. Жаңа кітапқа өңірдің 8 қаламгерінің шығармалары енген. Олар — Марат Құлибаев, Қамар Қарасаева, Қаламгер Азамат, Айжамал Жолдасқызы, Ерлан Нұрланов, Құралай Сейсенбекқызы, Асылжан Шайділдаев және Эльмира Байназарова. Авторлардың қатарында алғаш рет кітапқа шығармасы енген жас қаламгерлер де бар.

Әдебиеттің дамуы үшін ортақ алаң қалыптастырған «Шер» прозашылар клубы қалам иелерінің басын қосып қана қоймай, жас буынға жол ашып, жаңа идеялар мен тың туындылардың өмірге келуіне жағдай жасауда.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар