жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында 32 келіден астам марихуана сақтаған ер адам ұсталды

Шу ауданында 32 келіден астам марихуана сақтаған ер адам ұсталды
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Түнгі уақытта Шу ауданы Тасөткел ауылының маңынан, жабайы қарасора өсетін аумақта күдікті қолға түсті.

Жеке тінту және аумақты қарау барысында полицейлер ерекше иісі бар екі үйінді жаңа шабылған өсімдік жинағын анықтады.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — кептірілмеген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 32 келі 420 граммды құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз айналымға түсіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Қарасора-2025» іс-шарасы өңір аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге, сондай-ақ жабайы қарасора ошақтарын жоюға бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар