"Тұмау өршіп тұр": Жамбылда жергілікті бюджет есебінен 123 000 доза вакцина сатып алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025
- 170
Жамбыл облысында ЖРВИ және тұмауға қарсы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысында ЖРВИ мен тұмаудың таралуына байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен барлық медициналық ұйымдар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жағдай толық бақылауда, шұғыл шаралар атқарылуда.
Нақты атқарылып жатқан шаралар
1. Төсек қоры артты
Инфекциялық стационарларда 964 төсек-орын (оның ішінде 65 реанимациялық) жұмыс істеп тұр.
Балалар арасындағы аурушаңдықтың артуына байланысты қосымша 310 төсек, соның ішінде 80 резервтік төсек іске қосылды.
Мырзатай реабилитациялық орталығы 100 төсекпен резервке дайын.
Қазіргі жүктеме — 87%.
2. Медициналық ұйымдардың қызметі кеңейтілді
Емханалар 08:00–20:00 (дүйсенбі–жұма) және 09:00–18:00 (демалыс күндері) жұмыс істейді.
Барлық емханаларда фильтр-кабинеттер ашылып, қызуы бар науқастар бөлек қабылдануда.
Қосымша Call-орталық желілері іске қосылды, онлайн жазылу күшейтілді.
3. Санитарлық талаптар күшейтілді
Барлық медициналық ұйымдарда маскалық режим енгізілді.
Эпидқауіпсіздік жоспарына сәйкес күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Медициналық персонал жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған.
4. Жедел көмек және мобильді бригадалар
Облыс бойынша 150 мобильді бригада жұмыс істеп тұр.
Жедел жағдайларға қызмет көрсетуге 60 арнайы көлік жұмылдырылды.
20 емханада балалар мен жүкті әйелдерге арналған екі деңгейлі фильтр ұйымдастырылды.
5. Препараттар мен құрал-жабдықтар толық жеткілікті.
16 мыңнан астам Тамифлю,
1 мың Реленза,
антивирустық препараттар мен оксолин майы,
236 ӨЖЖ аппараты,
700 мыңнан астам маска,
300 мыңнан астам шпатель мен термометр,
6 млн-нан аса дезинфекциялық таблетка бар.
6. Вакцинация
Жергілікті бюджет есебінен 123 000 доза вакцина сатып алынды.
110 340 тәуекел тобының адамы егілді.
Вакцинация пункттері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.






