Жамбыл жаңалықтар
Таразда ірі сауда орталығынан 300-ден астам адам эвакуацияланды
- авторjambylinfo.kz
- 11 тамыз, 2021
- 488
Таразда ірі сауда орталығынан 300-ден астам адам эвакуацияланды
Тараз қаласында ірі сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалынған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің «102» тетігіне белгісіз адамнан Тараз қаласындағы «MART» сауда орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
Аталған сауда орталығына келген полиция қызметкерлері 300-ден астам адамды шұғыл эвакуациялады. Ғимаратқа толық тексеру жүргізілді. Жарылғыш зат табылған жоқ.
«Қазіргі таңда көрінеу жалған ақпаратты хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - делінген ведомство мәліметінде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ресейде тікұшақ құлады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






