Жамбыл жаңалықтар
Тазалық – тәртіп кепілі: №59 мекемеде сенбілік өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 9 тамыз, 2025
- 568
Сенбіліктің мақсаты – еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рухты нығайту және мекеме аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемеде жалпыұлттық сенбілік аясында санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен әкімшілік құрамы белсенді қатысып, аумақ қоқыстан тазартылды, ағаштар әктелді, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Гүлзарлар күтіп-бапталып, ғимарат маңы ретке келтірілді.
Сенбіліктің мақсаты – еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рухты нығайту және мекеме аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мұндай экологиялық және тәртіпке бағытталған шараларды алдағы уақытта да ттұрақты түрде өткізіп отыратындықтарын жеткізді.
Келесі мақала






