жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті
Фото - ашық дереккөз
Жиында бірқатар маман баяндама жасады

Жамбыл облысы бойынша №59 түзету мекемесінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 түзету мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында «Өзіне-өзі қол жұмсау және оның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – суицид ұғымы мен суицидалды синдром туралы түсінік беру, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілері жайлы ақпарат тарату.

Дөңгелек үстел жұмысына №5513 әскери бөлім штабының бастығы Кадацкий П.В., Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ж.О. Аленова, Тараз өңірлік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары, психология магистрлері А.Т. Абдрахманова мен Р.Т. Байбосынова, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрам психологы А.А. Дмитриенко қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар суицидке итермелейтін факторлар, тәуекел топтары, психологиялық көмек көрсету тәсілдері және алдын алу жұмыстарының маңыздылығы жөнінде кеңінен баяндады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, нақты жағдайларға байланысты мысалдар келтірді. Психолог мамандар тарапынан түзету мекемесінде қызмет атқаратын қызметкерлерге практикалық кеңестер мен әдістемелік ұсыныстар берілді.

Осындай шаралар сотталғандар мен қызметкерлер арасында психологиялық тұрақтылықты нығайтып, суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға зор септігін тигізетіні сөзсіз.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар