жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы: Су инфрақұрылымын дамытуға 1,6 млрд теңге бөлінді

Жамбыл облысы: Су инфрақұрылымын дамытуға 1,6 млрд теңге бөлінді
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  2025 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға 5 нысан бойынша 1,6 млрд теңге бөлінді. Жалпы жобалардың сметалық құны – 9,5 млрд теңге. 

Аталған нысандардың қатарында:
    •    Тасөткел бөгетін қайта жаңғырту
    •    Қайнар ауылындағы 3 800 гектар суармалы жерге су жеткізетін құбыр
    •    Андас-3 тоғаны
    •    Мойынқұм ауданындағы гидроқұрылыс
    •    Т. Рысқұлов ауданындағы Қарақат су каналы

Жыл соңына дейін 3 нысан – Тасөткел бөгетін қайта жаңғырту, Қайнардағы су құбыры және Қарақат су каналы – толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған екі жоба – Андас-3 тоғаны мен Мойынқұм ауданындағы гидроқұрылыс – 2026 жылға өтпелі.

Мамандардың айтуынша, бұл жобалар өңірдегі суармалы егіс алқаптарының өнімділігін арттыруға және су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар